Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық па - Асхат Аймағамбетов жауабы

0
381

Ненің жемқорлық, ненің жемқорлық емес екендігін нақты ажырата білуіміз керек, деді министр.


Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық па - Асхат Аймағамбетов жауабы

ERNUR.KZ. Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық ретінде санала ма? Бұл сауалға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Отандық телеарналардың біріне берген сұқбат барысында Білім және ғылым министрі соңғы қоңырау жақындаған сәтте әлеуметтік желіде «мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық саналады» деген сынды пікірлердің өршіп кетуіне байланысты пікір білдірді.

Мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық деп саналады... Олай санайтын кім? Біз оны жемқорлық деп есептемейміз. Сондықтан да ненің жемқорлық, ненің жемқорлық емес екендігін нақты ажырата білуіміз керек. Бала бірінші сынып табалдырығын аттаған кезде ұстазына гүл сыйласа, она бұл жемқорлық емес», - деді Асхат Аймағамбетов.