​Мұнай бағасы арзандады

0
1 062


​Мұнай бағасы арзандады

ERNUR.KZ. Нью-Йорк пен Лондонның шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Сауда қорытындысына сәйкес, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бір баррелі 2,08 долларға арзандап, 74,33 долларды құрады.

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерсі барреліне 1,22 долларға төмендеп, 84,88 долларды болды.