Мұнайшылар құбырлардың арасында қысылып қалған түйені құтқарды

0
1 027

Арнайы техникалар арқылы жануарды құтқарып қалды.


Мұнайшылар құбырлардың арасында қысылып қалған түйені құтқарды

ERNUR.KZ. Мұнайшылар арнайы техниканың көмегімен құбырлардың арасында қысылып қалған түйені құтқарды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 19 мамырда Маңғыстау облысындағы жазықта болған. Түйенің ботасы екі құбырдың арасына қысылып қалған. Қаламқас кен орнының жұмысшылары арнайы техникалар мен сымарқан арқылы түйенің төлін алып шықты.

Сосын жануарды бостандыққа жіберген.