Мусин Samsung зауытын Қазақстанда да ашуды ұсынды

0
571

​"Samsung" компаниясының өкілдерін қазақстандық IT саласының әлеуеті қызықтырып отыр.


Мусин Samsung зауытын Қазақстанда да ашуды ұсынды

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының басқарма төрағасы Санг Юн Ким бастаған делегациямен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

"Электроника өндірісі бойынша "Samsung" корпорациясының көшбасшы екенін ескере отырып, компанияның тұрмыстық электроника өндіретін зауытын Қазақстанда да ашу туралы ұсыныс жасадым. Бұл өз кезегінде отандық IT мамандар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін болмақ"- деп атап өтті Бағдат Мусин.

"Samsung" компаниясының өкілдерін қазақстандық IT саласының әлеуеті қызықтырып отыр. Мәселен, Әл-Фараби ҚазҰУ және Astana IT University базасында мобильді Java және Python деректерді талдау жүйесін әзірлеуді үйрететін Samsung-тың IT мектептері жұмыс істейді. Онда қазіргі күні 500-ге жуық IT маман білім алып жатыр.

Кездесу барысында тараптар осы мектептерді Қазақстанның басқа да өңірлерінде ашу мүмкіндігін талқылады.
Кездесу соңында министр "Samsung" өкілдерін осы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Digital Bridge-2022" форумына қатысуға шақырды.
Айта кетері, мемлекет басшысы 2020 жылы Корея Республикасына іс-сапармен барып, R&D зертханаларын және бірлескен өндірістерді құру мәселелері бойынша "Samsung" корпорациясымен бірқатар келісімге қол жеткізген болатын.