«Ң» әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды

0
1 317

Жаңа нұсқада 31 әріп, қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.


«Ң» әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды

ERNUR.KZ. «Ашық НҚА» порталында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президенті жарлығының жобасы жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» қаулыға сәйкес, Үкімет қазақ тілінің латын графикасына негізделген емле қағидаларын бекітуі керек.

Қоғамдық талқылау мерзімі - 2021 жылдың 6 мамырына дейін.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған жағдайда, латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мынадай болады:


2017 жылы Елбасының бастамасымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.

Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.