Н. Микаэлян: Пальма майы ісік ауруына, бедеулікке ұрындырады

0
1 156

Жуырда ресейлік сарапшы-мамандар елге пальма майының көптеп әкелуі мен халық арасындағы ісік ауруларының етек алуының арасында бір байланыс барын анықтаған.


Н. Микаэлян: Пальма майы ісік ауруына, бедеулікке ұрындырады

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Соңғы кездері егеуқұйрықтарға жүргізілген тәжірибе көрсеткендей, пальма майының құрамындағы глицидтік эфирлер адамның генетикасына жағымсыз жағынан әсер етіп, ісік ауруларына және бедеулікке ұрындырады. Мұндай ақпаратты бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Асқар Мәминге депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян мәлім етті, деп жазады Елорда Инфо.

Оның мәлімдегеніндей, БАҚ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пальма майына қатысты есеп әзірлеп, оны 22 наурызда ұйымның сайтында жариялаған.

«Осы есепте ДДСҰ-ның сарапшылары пальма майының семіздікке, асқазан-ішек жолдарының және жүрек-қан тамырларының созылмалы ауруларына апарып соғатынын көрсеткен. Бұл есепті аталған ұйым 48 ғылыми зерттеулердің негізіне сүйеніп жасаған. Мұндай зерттеулер 23 елдегі аурулардың асқынып кеткенін дәлелеп беріпті» деді Н. Микаэлян.

Депутат Еуразиялық экономикалық одақтың комиссиясы ұзақ уақыт бойы пальма майын қолдануға тыйым салуға қатысты шешімді әдейі шығармай отырғанын айтты.

«Азық-түлік тауарларының қаптамасында оның құрамында пальма майының барын білдіретін жазу жоқ. Өндірушілер өнімнің құрамындағы заттарды жасыру үшін, мұны әдейі жазбайды» деді ол.

Сөзінің соңында ол Ұлттық экономика министрлігіне Еуразиялық экономикалық одақтың комиссиясына ұсыны жолдап, техникалық тәртіпке пальма майы туралы таңба соғу мәселесін көтерді.