Намаз уақытында ойнап жүрген баланы қағып түсірген мешіт имамы жұмыстан шығарылды

0
1 349

Имам өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады.


Намаз уақытында ойнап жүрген баланы қағып түсірген мешіт имамы жұмыстан шығарылды

ERNUR.KZ. Оқиға Алматы облысы Шелек ауылындағы "Хидаят" мешітінде болған, деп жазады inbusiness.kz.

Имам өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Екі тарап өзара бітімге келген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарып, өрескел әрекетке жол берген дін қызметкері жұмыстан шығарылғанын хабарлады.