Нәрестенің бас сүйегі сынған: Өскемендегі Ана мен бала орталығында жанжал туындады

0
912

Ата-анасы баласының өліміне дәрігерлерді айыптады.


Нәрестенің бас сүйегі сынған: Өскемендегі Ана мен бала орталығында жанжал туындады

ERNUR.KZ. Босану кезінде бас сүйегі сынған жаңа туған нәрестенің өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлайды, деп жазады Stan.kz.

Әйгерім Мұратқызының тұңғышы – көптен күткен ұлы шетінеп кетті. Салмағы 3 700 келі болды. Ауруханаға таңғы сағат 7.30-да түскен сәттен бастап, босанған әйел мен оның серіктесі бақылаусыз қалған. Оның айтуынша, дәрігерлер оларға жақындамаған. Ал босану кезінде оған қағаздар әкелген.

“Өзімді нашар сезініп тұрдым, ал олар маған қағаз беріп, қол қою керек дейді. Мен: "Босанғаннан кейін қойсам бола ма?" дедім. Түсінбедім. Олар жоқ деді”, – деді Әйгерім Мұратқызы.

Әйгерім баланы вакуумның көмегімен шығаруға рұқсатқа қол қойған екен. Нәтижесінде бала бас сүйегі сынып, дүниеге келді және көп ұзамай шетінеп кетті. Әйгерім мен оның туыстары дәрігерлер ұрықтың үлкен екенін біле тұра, кесарь тілігін уақытында жасамағанын айтады. Бірақ дәрігерлер операция жасауға себеп болмағанын айтады.Қауіп тек әрекет кезінде пайда болған.

“Басы осындай жазықтықта болды, кесарь тілігін жасауға кешіктік. Бала патологиямен, жедел асфиксиямен дүниеге келді, оны реанимацияға алып кетті. Аспаптық тексеру жүргізіліп, рентген түсірілген кезде, бас сүйегінің сынғаны анықталды”, – деді ШҚО "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК акушер-гинеколог дәрігері Марина Маркашева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме беруден бас тартты, бірақ жағдайды медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетінде зерттеп жатқанын хабарлады.

Ал туыстары қалалық прокуратура мен сотқа жүгінді. Олар баланың өліміне кінәлілерді жазалауды талап етеді.