​Нарко және психоневрологиялық анықтамаларды Telegram арқылы алуға болады

0
1 518

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.


​Нарко және психоневрологиялық анықтамаларды Telegram арқылы алуға болады

ERNUR.KZ. Бұдан былай наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулез диспансерінен анықтаманы Telegram арқылы алуға болады, деп жазады ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

@EgovKzBot Telegram-ботында денсаулық сақтау министрлігінің қосымша үш қызметі іске қосылды. Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрай алады:

Наркологиялық диспансерден анықтама; Психоневрологиялық диспансерден анықтама; Туберкулез диспансерінен ұйымнан анықтама беру. Анықтамалар тегін беріледі. Аталған анықтамаларды онлайн режимде алу жеңіл, әрі азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді (мысалы, жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде).

Қызметті алу үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзіңіздің гаджетіңізде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу қажет (@EgovKzBot деп іздеу керек).

Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады. Қазіргі уақытта Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 20-ға жетті.