​Наурыз мейрамында Алматыға әлемнің 6 елінен 170 қолөнерші келеді

0
1 136

Көрмеге келушілер жаңа ғана ұстаның қолынан шыққан музыкалық аспаптарда ойнайтын болады.


​Наурыз мейрамында Алматыға әлемнің 6 елінен 170 қолөнерші келеді

ERNUR.KZ. Алматыға Наурыз мейрамында әлемнің 6 елінен 170 қолөнер шебері келеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаңа жыл ұлттық дәстүрдегі халық серуендерінен басталады. Онда шетелден келген қолөнер шеберлері де болады.

Түркиядан келген қолөнершілер әдемі ыдыс-аяқ пен шыны әшекей жасауды үйретсе, якут зергерлері асыл тастар туралы баяндайды. Ал қырғыз шеберлері ерлерге ат әбзелдерін жасауды үйрететін болады. Бұған қоса шеберлер қышқа және жібек матаға өзбек нақышындағы ою-өрнек салуды, әйгілі түрікмен кілемін тоқуды үйретеді.

Көрмеге келушілер жаңа ғана ұстаның қолынан шыққан музыкалық аспаптарда ойнайтын болады.

Алматы, Петропавл, Ақтау мен Түркістаннан келген шеберлер темірден, қыштан, киіз бен ағаштан жасалған өз бұйымдарын таныстырады. Көрмеге жібектен, жүн мен барқыттан тігілген киімдер қойылады.

Мерекені ұйымдастырушылар жастарды да назардан тыс қалдырмады.

«Жастар жылы» аясында перфоманстар, ұлттық нақыштағы заманауи өнер көрмелері қойылып, сүйікті әртістер өнер көрсетеді.

Айта кетері, төрт күнге созылатын мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары түрлі концерттер, жәрмеңкелер мен фестивальдерді тамашалай алады. Олар Астана алаңында, Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде, «Атакент» көрме кешенінде, «Алматы Арена» мен «Халық Арена» спорт кешендері маңында, сондай-ақ «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде өтеді:

22-23 наурыз - Астана алаңы;

21-24 наурыз - Панфилов, Жібек жолы көшелері;

22 наурыз - «Нalyk Arena» Мұз айдыны кешені;

22 наурыз - «Алматы Арена» Мұз сарайы;

22 наурыз - «Атакент» ҚІЫО; 2

3 наурыз -«Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені.