Наурыз мерекесін тойлауға бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды

0
728

Жиналған қаражат басқа әлеуметтік жобаларға бағытталады.


Наурыз мерекесін тойлауға бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Атырауда Көрісу мен Наурызға бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды, деп жазады Stan.kz.

"Көрісу және Наурыз мейрамдарын өткізуге облыстық бюджеттен 35 миллион теңге бөлінді. Бірақ елдегі төтенше жағдайға байланысты барлық мәдени шаралар 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылды. Жыл сайын өткізілетін қалалық мерекелік шаралар өткізілмейді. Ақша бөлінген концерттер, қойылымдар және басқа да ойын-сауық шараларынан бас тартылды. Сондықтан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы барлық соманы жергілікті бюджетке қайтарып берді", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиналған қаражат басқа әлеуметтік жобаларға бағытталады.