​Назарбаев Ақтөбеде пәтер бағасы қанша екенін сұрады

0
1 118

Президент екі бөлмелі пәтердің қанша шаршы метр болатынын да сұрады.


​Назарбаев Ақтөбеде пәтер бағасы қанша екенін сұрады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды аралау барысында қаладағы екі бөлмелі пәтердің бағасы қанша екенін сұрап көрді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мысалы, осындай жас отбасылар қандай пәтерлерді қалайды?", - деп сұрады Назарбаев құрылыс компаниясының өкілінен билбордтағы жарнамаға нұсқап.

"Көбіне екі бөлмелі пәтерді сұрайды. Қазіргі уақытта көпбалалы отбасылардың саны көбейді", - деп жауап берді ол.

Президент одан екі бөлмелі пәтердің қанша шаршы метр болатынын да сұрады. Құрылыс компаниясының өкілінің айтуынша, 75 шаршы метр болады.

"Ал шаршы метрі қанша тұрады?", - деп сұрады Президент.

Оған "160 мың теңге" деп жауап берді.
"Cонда екі бөлмелі пәтер қанша болады?", - деп сұрақ қойды Мемлекет басшысы.

"11 миллион. Алғашқы жарна ретінде 2 миллион теңге төлейді", - деді компания өкілі.

"Бұл қолжетімді ме?" - деп сұрады Президент.

"Өте қолжетімді. Клиенттеріміз көп, олардың көңілі толады", - деп жауап берді Мемлекет басшысына.

Еске сала кетейік, кеше, 15 қазанда Назарбаевтың Ақтөбеге ұшып келгені хабарланған болатын. Ақорда мәліметінше, сапар аясында Қазақстан Президентінің өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап көруі жоспарланып отыр.