​Назарбаев Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады

0
237

Елбасы алдағы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 25 жылдығын мерекелеуге уақтылы әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.


​Назарбаев  Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады

ERNUR.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп жазады Ақорда баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Елбасы алдағы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 25 жылдығын мерекелеуге уақтылы әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

"Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараның негізі болуға тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет