Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 160 жолаушы анықталды

0
371

Әуежай сайтының басты бетінде орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы да мәртебеңізді білуге болады.


Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 160 жолаушы анықталды

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Ashyq» қосымшасы енгізілгелі 160 «қызыл» мәртебесі бар және 99 «сары» мәртебесі бар жолаушы анықталды. Әуежайдың баспасөз қызметі өкілі Анвар Шалекеновтың айтуынша, азаматтар «Ashyq» қосымшасын қолдануды үйренген, деп жазады baq.kz.

"«Ashyq» арқылы күніне шамамен 10 мың адамды тексереміз. Негізгі назар таңғы және түскен кейінгі жолаушыларға беріледі. 12 мамырдан 30 мамырға дейін 160 «қызыл» мәртебесі бар және 99 «сары» мәртебесі бар жолаушы анықталды. Көріп тұрғандарыңыздай, «қызыл» мәртебелі жолаушылар саны көп. Азаматтардан алдын ала «Ashyq»-ты телефондарына көшіріп алып, мәртебесін анықтауды сұраймыз", - деп айтты ол.

Әуежай сайтының басты бетінде орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы да мәртебеңізді білуге болады.

"Тәжірибе көрсеткендей, әуежайға кездесуге немесе шығарып салуға келген немесе өздері жолға шыққан қала тұрғындары мен қонақтары қосымшаны қолдануды үйренді. Статистикаға қарасақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын, әуежай залына тыныш кіретін қарт адамдарда үлкен жауапкершілік байқалады", - дейді Шалекенов.

Оның сөзінше, бүгін әуежайда арнайы ақпараттық тақта орналастырылған. Ол жерде «Ashyq» қосымшасын қалай жүктеп, қолдануға болатыны туралы ақпарат көрсетілген. Сондай-ақ ақпараттар әуежайдың әлеуметтік желілерінде және ресми сайтында күнделікті жаңартылып отырады.

Сондай-ақ Анвар Шалекенов 12 мамырдан бері адам көп жиналуы немесе келеңсіз жағдайлар тіркелмегенін айтты.

"Естеріңізде болса, 10 мамырда қосымшасы тест режимінде енгіздік. Қазақстандықтар әуежай ғимаратына «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіруге болатынына үйренді. Республикада ең алғаш болып бұл қосымшаны енгізген жалғыз әуежаймыз. Енді «Ashyq» Алматыда да белсенді қолданылып жатыр. Одан бөлек, Ақтау, Шымкент әуежайларында және Назарбаев әуежайының Көкшетаудағы филиалына да енгізіліп жатыр", - деп түсіндірді ол.

Шалекенов атағандай, бағдарлама Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен біріктірілген. Сондықтан қате мәртебе көрсетпеуі керек. Егер жолаушының QR-кодты сканерлеуге мүмкіндігі болмаса, онда әуежай қызметкерлерінің қолында планшет болады. Олар азаматтың ЖСН нөмірін теріп, мәртебесін анықтайды.

Айта кетейік, санитариялық дәрігерлердің талаптарына сәйкес «сары» және «қызыл» мәртебесі бар келушілердің «Ashyq» қосымшасы бойынша кәсіпкерлік объектілеріне кіруіне жол берілмейді.

«Қызыл» мәртебеге келетін болсақ, егер адам коронавирусқа ПТР тестін тапсырса және ПТР талдауларының ақпараттық базасынан және «Ashyq» жобасымен біріктірілген байланыс тұлғаларынан тапсыру күнін қоспағанда, 14 күн ішінде оң нәтиже алса, ол беріледі.

«Қызыл» мәртебеге ие адамдарға үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтау керек. Сонымен қатар егер олар қайтадан ПТР-тест тапсырса және оның нәтижесі теріс болса, алғашқы оң нәтиже алған сәттен бастап күнтізбелік 14 күннен бұрын жүйеде «қызыл» мәртебе пайда болады.

Мәртебеге сәйкес оқшаулануға жататын келушілер анықталған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы. Егер сізде коронавирусқа ПТР-тестінің оң нәтижесі болса, онда сіз өзгелерді жұқтырмау үшін, сондай-ақ 30 АЕК немесе 87 510 теңгені құрайтын айыппұл алмау үшін өзіңізді оқшаулауда кемінде 14 күн болуға міндеттісіз, - деп түсіндірді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар «сары» мәртебесі бар адамдар карантин режимін бұзса, онда оларға да айыппұл салынады.

Сіз COVID-19-бен ауырғандармен байланыста бола отырып, үй карантині режимін бұздыңыз (Санитариялық қағидалардың 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ – 47 талаптары). Онда қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін сіз «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425-бабына сәйкес 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.

Сізге 14 күнтізбелік күн ішінде үйде карантин режимін сақтау бойынша шаралар қабылдау қажет.