Назарбаев қорының меншігіндегі банк мемлекетке қайтарылатын болды

0
474

Jusan bank (кезіндегі Цеснабанк) мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржылық қолдау тапқан.


Назарбаев қорының меншігіндегі банк мемлекетке қайтарылатын болды

ERNUR.KZ. Jusan bank акцияларын мемлекетке қайтару жөніндегі келіссөздер оң нәтижемен аяқталды, деп жазады ulysmedia.kz.

"Назарбаев қоры тарапымен өткен ауыр келіссөздер нәтижесінде Jusan bank-тің мемлекетке қайтуы бойынша жағымды шешім қабылданғанын хабарлады. Есесіне Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалды аса қатты қудаланбауы тиіс", - делінген DALA инсайд хабарламасында.

Айта кетейік, Jusan bank (кезіндегі Цеснабанк) мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржылық қолдау тапқан. Оның акционері First Heartland Securities АҚ (Назарбаев қорына бағынады) 2020-2021 жылдары банктен 113 миллиард теңгені дивиденд ретінде шығарып алған.