Назарбаев: Менің сайлауға қатысқанымды қалайтындар көп

0
974

Нұрсұлтан Әбішұлы партия төрағасы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.


Назарбаев: Менің сайлауға қатысқанымды қалайтындар көп

ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назараев өзінің алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына қатысқанын қалайтындардың көптігін айтты. Бұл туралы Елбасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде мәлімдеді, деп жазады qamshy.kz.

"Менің өкілеттілігімді тоқтатуым айтарлықтай әсер еткен азаматтардан көп хаттар алдым. Менің сайлауға қатысқанымды қалайды. Олардың тұрақтылықты ұнататынын түсінемін. Осындай жылы қарым-қатынас үшін оларға бас иіп алғыс білдіремін", -деді Елбасы.

Партияның кезектен тыс сайлауында президенттікке үміткер ретінде ұсынылатын тұлғаның аты аталу қажет. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы партия төрағасы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

"Құрметті әріптестер, мен Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ҚР Президенті постына ұсыну туралы сұрақты съезде қарауды енгіземін", - деді ол.

"Nur Otan" партиясы ұсынған үміткердің кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жететініне Елбасы толық сенімді.

"Саяси кеңестің, бюроның мүшелері тысқары қалмауы тиіс. Адамдармен жолығып, түсіндіру керек. Әлемде не болып жатқанын бәрі көріп отыр. Үгіт-насихат науқанында заманауи тәсілдерді қолдану қажет. Бізге адамдардың сенетініне және біздің бағыттың дұрыстығына қарап, жеңіс біздің қолда боларына сенемін", - деп түйіндеді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Еске сала кетейік, 9-маусым Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен кезектен тыс президент сайлауы ретінде жарияланды.

ОСК хабарлауынша, кандидаттарды ұсыныу 10-сәуірден 28-сәуір күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.