Назарбаев Ресей президентімен кездесті

0
429

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентін елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.


Назарбаев Ресей президентімен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентін елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
"Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді", - делінген хабарламада.
Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.