​Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін "Ұлттық домбыра күні" ретінде бекітті

0
1 849

Мемлекет басшысы Жарлыққа 2018 жылдың 12 маусымында қол қойды.


​Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін "Ұлттық домбыра күні" ретінде бекітті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

"Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында қаулы етемін:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін", – делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысы Жарлыққа 2018 жылдың 12 маусымында қол қойды.