​Назарбаев Трамппен келіссөздер жайлы: "Қазақстанның жауы жоқ"

0
1 189

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күнінде Астанада мерекені тойлауға жиналған халықтың алдына сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздері жайлы айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Назарбаев Трамппен келіссөздер жайлы:
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күнінде Астанада мерекені тойлауға жиналған халықтың алдына сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздері жайлы айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сіздер менің іссапармен Америкада болғанымды білесіздер. Сол елдің президенті Дональд Трамп менен былай деп сұрады (оның әріптестері бір қатарда, біз қарама-қарсы отырдық): "Сіздер қай елдермен жауласасыздар?" Мен Қазақстанның ешқандай жауы жоғын айттым. Сонда Трамп былай деді: "Қараңыздар, Қазақстан ешкіммен жанжалдаспайды, ал біздің айналамыздың барлығы жау". Алла осымыздан айыра көрмесін", - деді Назарбаев.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақ елі монументінің алдындағы алаңға мерекені тойлауға жиналған халықтың алдына шығып, сөз сөйледі.