Неге тегін жағажайлар жабық, ал ақылы жағажайлар ашық - ресми өкіл жауабы

0
843

Кісі көп баратын жабайы қоғамдық жағажайларда санитарлық нормалар сақталмайды, өйткені бақылау жоқ, сондықтан бұл шектеулер енгізілді.


Неге тегін жағажайлар жабық, ал ақылы жағажайлар ашық - ресми өкіл жауабы

ERNUR.KZ. Маңғыстауда тек ақылы жағажайлар жұмыс істейді, өйткені қоғамдық жағажайларда санитарлық нормалар сақталмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР МҚК Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты, деп жазады zakon.kz.

"Мәселе дұрыс ұйымдастырылған демалыс орнында. Кісі көп баратын жабайы қоғамдық жағажайларда санитарлық нормалар сақталмайды, өйткені бақылау жоқ, сондықтан бұл шектеулер енгізілді. Ал курорттық аймақтың аумағында орналасқан жағажайларға келетін болсақ, атап айтқанда, туристерді орналастыру объектілеріне келетін болсақ, бұл жағдайда аталған нысандардың менеджерлері белгіленген алгоритмдерге сәйкес барлық сақтық шараларын ұсынады. Бұл - әлеуметтік қашықтық, кезекпен демалу, кезекпен аймақтарға кіру, сонымен қатар күнқағарлар қашықтықты сақтай отырып, белгілі бір дәрежеде орналастыру", - деді ол.

Оның айтуынша, қоғамдық жағажайларда мұндай нормаларды сақтау және бақылау қиын. Неліктен бұл жұмысты әкімдік пен қоғамдық жағажайларға жауапты қызметтер атқара алмайтыны белгісіз.