Некені тіркеуге банк қосымшасы арқылы өтініш беруге болады – министрлік

0
371

15 күннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен некені тіркейді.


Некені тіркеуге банк қосымшасы арқылы өтініш беруге болады – министрлік

ERNUR.KZ. Қазақстанда Halyk Homebank және Kaspi.kz мобильдік қосымшалары арқылы некені тіркеуге өтініш беруге болады, деп жазады sputnik.kz.

Банк қосымшалары арқылы қызметті алу үшін "Мемқызметтер" бөлімінде өтінішті толтырады. Одан кейін 1 АЕК (3 450 теңге) көлемінде мемлекеттік баж төленеді. Өтініш жіберген адамның болашақ жары 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.
15 күннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен некені тіркейді. Бұрын бұл рәсімге бір ай уақыт кеткен.