​Немерелерін қорғаймын деп туған баласын өлтірген зейнеткер сотталды

0
1 705

64 жастағы зейнеткер баласымен жанжалдасып жатқанда оған пышақ сұғып алған


​Немерелерін қорғаймын деп туған баласын өлтірген зейнеткер сотталды

фото: globalsib.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысында туған баласын өлтірген зейнеткер сотталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Биыл наурызда Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде тұратын 64 жастағы зейнеткер баласымен жанжалдасып жатқанда оған пышақ сұғып алған. Баласы оқиға орнында қайтыс болған.

Іс мәліметтері бойынша, ұрыс кезінде әкесі мен баласы мас болған екен. Сотталушы кінәсін мойындады. Ол сотта 18 наурызда әйелімен қонақта болғанын және үйіне келгенде ұлымен кезекті ұрыс болғанын айтты. Сонымен қатар, сол кезде үйде зейнеткердің екі немересі болған.

"Үйге кірерде сотталушы баласының немерелеріне теледидарды қатты дауыста көргені үшін ұрсып жатқанын естиді. Сол кезде зейнеткер баласына ұрыспасын деп ескерту айтады. Ал оған баласы дауыс көтеріп ұрсыса түскен. Оқиға үлкен бөлмеде сервант жақта болған. Серванттың алдында олар бір-біріне қарап тұрғанда ұлы әкесіне үтік лақтырып жіберген. Сол сәтте зейнеткер қалай пышақты қолына алғанын байқамай қалған. Ол кері бұрылып баласының кеудесіне және ішіне екі рет пышақ салған", - делінген соттың хабарламасында.

Сот істі қарағаннан кейін "Адам өлтіру" бабы бойынша қарт кісіні кінәлі деп таныды және оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 52-бабының талаптарына сәйкес және бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, өкініш білдіргені мен егде жасқа келгені үшін және зардап шегуші жақтың ойын ескере отырып, сот айыпталушыға минималдық жаза тағайындауды қажет деп есептейді" - деп хабарлады Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіндегілер.