Нөсер жауын, жел: синоптиктер үш күнге болжам жасады

0
2 456

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа-райы жауын-шашынды болады.


Нөсер жауын, жел: синоптиктер үш күнге болжам жасады

"Қазгидромет" орталығы мманадары 4-6 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атлант мұхитынан келіп жеткен кезекті антициклон солтүстік-батыс циклонымен батыстан шығысқа қарай қатар жылжи отырып, белсенді фронталды бөліктерді қалыптастырады. Соның салдарынан қар, жауын жауып, елдің оңтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, нөсер жауын жауады. Ауа температурасы құбылмалы болады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.