«Nur Otan» жеңіске жететініне сенімдімін - Нұрсұлтан Назарбаев

0
3 311

Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді.


«Nur Otan» жеңіске жететініне сенімдімін - Нұрсұлтан Назарбаев

ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясының жеңіске жететініне сенімді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сайлаудың қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы жетекші саяси партия ретінде өзінің мәртебесін күшейтуі керек. Мен жеңіске жететінімізге сенімдімін. Себебі біздің алған бағытымыз дұрыс. Ал халық бізге сенеді. Ел азаматтары бізге әрқашан сенуі керек. Соған жұмыс істеуіміз қажет. Барлығына тек сәттілік тілеймін! Алға «Nur Otan», алға Қазақстан!», - деді Елбасы партияның кезектен тыс XIX съезінде.

Айта кетейік, съезд кезінде Елбасы «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауға қатысты тапсырмалар берді.

«Бізге үлкен жұмысты атқару қажет. Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді. «Nur Otan» партиясына белсенді әрі сенімді сайлау науқанын өткізу керек. Алдымен республикалық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бізде ол жағынан тәжірибе бар. Оны қалай ұйымдастыру қажеттігін білеміз. Меніңше, біз ол жұмысты абыроймен атқарып шығамыз», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, сенімді адамдардың қатарына танымал қоғам қайраткерлері кіруі тиіс. Ал үгіт-насихат жұмыстары кезінде жаңа коммуникация құралдары мен саяси технологогияларды қолдану қажет. Осы орайда шетелдік тәжірибені де зерделеп шыққан жөн.

«Еліміздің басқа да аймақтарында тиісті штабтар жұмыс істейтін болады. Кандидатымызды қолдау үшін қысқа уақыттың ішінде қажетті дауысты жинау керек. Партияның барлық ресурстарын сайлау науқанына салу қажет. Осы жұмысқа барлық филиалдар атсалысуы тиіс. Саяси кеңестің мүшелері де, бюро қызметкерлері де тыс қалмауы қажет. Дәл осы уақытта бізге саяси кеңестің әлеуетін барынша пайдаланған жөн. Адамдармен кездесу керек. Бағдарламамыздың негізгі міндеттерін түсіндіру керек. Дұрыс таңдау жасауға үндеуіміз керек», - деп атап көрсетті ҚР Тұңғыш Президенті.