«Нұр Отаннан» Аягөзге көмек жіберілді

0
1 129

​Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен апаттан зардап шеккен аягөздіктерге көмек ретінде жүк артқан камаз жолға шықты деп хабарлайды ERNUR.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.


«Нұр Отаннан» Аягөзге көмек жіберілді

фото: ©Altaynews.kz

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен апаттан зардап шеккен аягөздіктерге көмек ретінде жүк артқан камаз жолға шықты деп хабарлайды ERNUR.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

фото: ©Altaynews.kz

«Біз облыстағы бірқатар мекемелерге үндеу тастағанбыз. Олар қол ұшын созудан бас тартпады. Қазір Аягөзде арнайы қор ашылып, онда жомарт жандар қаражат аударып жатыр. Нәтижесінде үйсіз қалған шаңырақтарға баспана алынуда. Мына жүк тиелген «Камаз» да Аягөзге барады. Қиындық көріп отырған ағайынға бұл көмегіміз аз да болса септігін тигізеді деп сенеміз. Мұнда 10 тонна азық-түлік пен 15 тонна құрылыс материалдары және киім-кешек бар», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханұлы.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Павлодар облысындағы филиалы да дүйсенбі күні Аягөзге көмек керуенін жөнелтуге дайындалып жатыр екен.


фото: ©Altaynews.kz