Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды

0
643

​Қыз бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырып-жұқтырмағаны белгісіз.


Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


1995 жылы туған қыз жедел жәрдеммен 1-ші қалалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.


"Ауруханаға түскен кезде ауа жетпей, дене қызуы көтерілген, өзін әлсіз сезінді", - деді денсаулық сақтау басқармасы.


Пациентте ауыр дәрежедегі екіжақты полисегментарлы пневмония болды.

Дәрігерлер қанша тырысқанмен, науқас 25 маусымда қайтыс болды.

Оның ақзасында коронавирус болып-болмағаны белгісіз. Сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ.