Нұр-Сұлтан мен 3 облыста тұманға байланысты ескерту жарияланды

0
1 061

Кей өңірде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.


Нұр-Сұлтан мен 3 облыста тұманға байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы синоптиктері еліміздің бірнеше аймағында қалың тұманға байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мамандардың мәліметінше, 7 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Нұр-Сұлтанда 7 желтоқсанда қалың тұман болады.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түседі деп болжанды.