Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады

0
122

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.


Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Елдер арасында визасыз режим орнаған, осы жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да ашылмақ, сондай-ақ, Қазақстанда енгізілген ашық аспан режимі аясында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесімен аптасына 7 жүк рейсі орындалатын болады.

Тараптар туризм, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет