Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер ашу жоспарланып жатыр

0
671

Демалыс үйлерінің иелері бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты.


Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер ашу жоспарланып жатыр

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер жоспарлануда, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, демалыс үйлерінің иелеріне сыйымдылығы 9 адамдық Ан-2 ұшағымен Нұр-Сұлтан – Баянауыл және Қарағанды – Баянауыл бағыттарында чартерлік рейстерді орындау мүмкіндігі ұсынылды.
"Демалыс үйлерінің иелері бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға аптасына үш рет, қыста аптасына бір рет тұрақты рейстер жоспарланып отыр", - дейді басқармада.
Қалааралық рейстерден басқа, бүгінгі таңда Баянауылдың үстімен екі-тоғыз орындық ұшақтармен немесе тікұшақпен ұзақтығы 15-20 минуттық экскурсиялар ұйымдастыруға болады.

Бұл экскурсиялардың құны бір адамға шамамен 30-40 мың теңгені құрайды.