Нұр-Сұлтан тұрғыны бес баласы бар жалғызбасты анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады

0
356

Жас жігіт өзінің аты-жөнін жариялаудан бас тартты.


Нұр-Сұлтан тұрғыны бес баласы бар жалғызбасты анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады

фото:pavlodarnews.kz

ERNUR.KZ. Жалғыз асыраушысы болған жолдасынан айырылып, қиын жағдайда қалған бес баласы бар павлодарлық келіншекке жанашыр азамат үш бөлмелі пәтер сыйлады. Ол күйеуі жол апатынан қаза тапқан әйел адамның бала-шағасымен далада қалғанын еріктілердің Instagram парақшасынан білген деп жазады nur.kz.


Отағасы қайтыс болған соң, уақытша баспанада тұруға мәжбүр болған бес баласы бар келіншек жергілікті еріктілердің көмегіне жүгінген. Олар әйел адамға қол ұшын бермек болып, көмек жинау үшін арнайы есепшот ашады.

Нәтижесінде, павлодарлықтардың мейірімділігінің арқасында қажетті сома тез-ақ жиналып, көпбалалы отбасы уақытша баспанадан пәтерге көшті.

Алайда, бес баласы бар ана үшін тосын сыйлар мұнымен тоқтап қалған жоқ. Еріктілердің әлеуметтік желідегі жазбасынан бұл отбасының қиын жағдайға тап болғанын көрген Нұр-Сұлтан тұрғыны олардың өмірін түбегейлі өзгерітті.

Ер адам өз отбасымен Павлодарға арнайы келіп, жалғызбасты анамен оның балаларымен жақынырақ танысқан. Азамат қасиетті Рамазан айында игі іс жасауға шешім қабылдап, көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сатып алып берген.

Қазіргі таңда, бес балалы жанұя жаңа үйіге көшуге қызу дайындалып жатыр. Ешқашан өз баспанасы болмаған бұл отбасы үшін мұндай жағдай құдды бір ертегі сияқты

Ал көпбалалы отбасыға пәтер тарту етіп, асқан жанашырлық танытқан ер адам өзінің аты-жөнін жысырын қалдыруды сұраған.

"Қатты толқығаным соншалықты, тіпті, ұйықтай алмаймын. Шынымен де ертең біз қай жерде ұйықтаймыз деп уайымдамайтын боламын ба? Ал балаларымның өз бөлмелері болатындығына сене алмай отырмын. Менің тағдырыма қатысқан барлық адамдарға ризамын" , - дейді келіншек.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет