Нұр-Сұлтанда 13 келі есірткі тәркіленді

0
866

Күдікті есірткіні елорда аумағында таратпақ болған.


Нұр-Сұлтанда 13 келі есірткі тәркіленді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда ірі көлемде есірткі тәркіленді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Полицейлердің мәліметінше, полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл облысының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 13 келі гашиш есірткі затын Нұр-Сұлтан қаласына Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолындағы бекет арқылы алып өтпек болған жерде ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Полицияның мәліметінше, күдікті есірткіні елорда аумағында таратпақ болған.