Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге жабылды

0
2 360

Оқу жылы басталғалы барлығы 79 мектеп карантинге жабылған.


Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 21 мектеп карантинге жабылды, деп жазады Stan.kz.

"Кезекші сынып оқушылары арасында 232, ал қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында 785 коронавирус жағдайы тіркелді. Оқу жылы басталғалы барлығы 79 мектеп карантинге жабылса, қазіргі уақытта 21 мектеп карантинге жабылды. Студенттер арасында барлығы 174 КВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 139 ЖОО студенттері болса, қалған 35-і колледж студенттері", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сарқат Бейсенова онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, бүгінде елорда "сары аймақта" тұр.