Нұр-Сұлтанда 42 қабаттық екі мұнарасы бар көпір салынады - фото

0
2 116

Лондон сәулет бюросы жобалаған көпір Қазақстан елордасындағы Триатлон саябағы мен "Жетісу" саябағының арасын жалғауы мүмкін.


Нұр-Сұлтанда 42 қабаттық екі мұнарасы бар көпір салынады - фото

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінде 42 қабаттық қос мұнарасы бар алып көпір салынбақ. Triathlon Towers жобасы – тұрғын үй кешені орналасқан ірі құрылыс, деп мәлімет берді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы sputniknews.kz.

Жаңа көпір Триатлон саябағы мен "Жетісу" саябағының арасын жалғауы мүмкін. Жобаның авторы - BENOY LTD компаниясына тиесілі Лондон сәулет бюросы.

"Triathlon Towers биіктігі – 42 қабат. Бұл – пәтерлер, қонақүй, кеңселер мен көлік тұрағы бар көпфункциялы тұрғын үй кешені. Қала құрылысы кеңесінде жоба жөнінде алдын ала келісім жасалды", - делінген хабарламада.

Жер, көлік және велосипед жолдары арқылы байланыстырып, Есіл өзені жағасындағы жаңа су вокзалына айналады".

Бұдан бұрын Урбанистика орталығы хабарлағандай, елордада жаңа көпірлер салу жоспарланған.