Нұр-Сұлтанда Абайдың суреті бейнеленген мурал салынды

0
790

Мурал "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің қолдауымен салынды.


Нұр-Сұлтанда Абайдың суреті бейнеленген мурал салынды

Абай даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың портреті салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.


"Мурал Абай Құнанбаевтың дүниеге келгеніне 175 жылдығына орай "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің қолдауымен салынды", - деп жазылған хабарламада.


Бұған дейін Нұр-Сұлтанда короновирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынды.