Нұр-Сұлтанда адасып кеткен балаға автобус жүргізушісі көмектесті

0
80

Бала шатасып, басқа автобусқа отырған.


Нұр-Сұлтанда адасып кеткен балаға автобус жүргізушісі көмектесті

ERNUR.KZ. Елордада бастауыш сынып оқушысы шатастырып басқа автобусқа мініп адасып кеткен, оны дер кезінде байқаған автобус жүргізушісі құзырлы мекемелерге хабарласқан, деп жазады Елорда Инфо.

«Екінші сынып оқушысы адасып кеткен. Бала шатасып, басқа автобусқа отырған. Жүргізуші оны байқап, көлік бақылау департаментінің (КБД) инспекторына хабарлады. Бала нақты мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білмеген. КБД қызметкері полицияның тірек пунктіне жүгінді. «102» пультіне оның ата-анасы хабарласқан, жедел-тергеу тобын күте отырып, біздің қызметкер баланы анасына тапсырды», - делінген «Астана LRT» ЖШС таратқан ақпаратта.

Осыған орай аталған компания ата-аналарға мұндай жағдайларда бала барлық қажетті ақпаратты білуі керектігін ескертеді.

«Егер бала мектепке қоғамдық көлікпен барса, онда ол ата-анасының аты-жөнін, олардың байланыс нөмірлерін, үй мекенжайын, аялдаманың атауын және өз бағдарының нөмірін жатқа білгені маңызды», - деп хабарлайды Астана LRT.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет