Нұр-Сұлтанда әлемнің 40 елі мәдениет және дәстүр карнавалында өнер көрсетеді

0
1 437

HPAIR Asia Conference Орталық Азия аумағында алғаш рет өткелі отыр.


Нұр-Сұлтанда әлемнің 40 елі мәдениет және дәстүр карнавалында өнер көрсетеді

ERNUR.KZ. Қазақстан астанасында I-Carnival мәдениет және дәстүр карнавалы және әлемнің 40-тан астам елінің өкілдері қатысатын I-Night кеші өтеді, деп жазады Елорда Инфо.

I-Night - халықаралық мәдениет мерекесі, онда түрлі елдерден келген делегаттардың бірегей музыка, театр және би өнерінің көріністері ұсынылатын болады. I-Carnival - халықаралық жәрмеңке форматында өтетін дәстүрлі HPAIR іс-шарасы. Онда келушілер конференция делегаттары ұсынған дәстүрлі тағамдардың дәмін татып, ұлттық кәдесыйлықтар сатып алуына болады. I-Night және I-Carnival әлемнің түрлі халықтарының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете отырып әлемнің мәдени алуан түрлілігінің белгісі болып табылады.

«Өз тарапымыздан біз Kazakhstan Night жеке іс-шарасын дайындап жатырмыз, онда біздің қонақтарымызға қазақ мәдениетінің домбыра мен қобыздың ежелгі күйлерінен бастап Q-pop заманауи мәдениетіне дейінгі ғасырлар бойғы эволюциясын көрсеткіміз келеді. Біз сырттан келген делегаттардың еліміз туралы ұмытылмас әсер алғанын қалаймыз», - деді Назарбаев Университетінің студенті, HPAIR Asia Conference 2019 ұйымдастыру комитетінің төрайымы Лейла Ахметова.

16-20 тамыз аралығында бүкіл әлемнің жас көшбасшылары Қазақстанның астанасына әлемнің ең ауқымды студенттік жобаларының бірі - HPAIR Asia Conference 2019 қатысу үшін жиналады.

HPAIR Asia Conference 2019 конференциясын Назарбаев Университетімен ынтымақтастықта Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасы (HPAIR: Harvard College Project for Asian and International Relations) ұйымдастырады. Өзінің 28 жылдық тарихында HPAIR Asia Conference Орталық Азия аумағында алғаш рет өткелі отыр. Конференцияның күн тәртібі алты тақырыптық бағытты және ауқымды мәдени бағдарламаны қамтиды.