Нұр-Сұлтанда алып бала дүниеге келді

0
648

Медицина қызметкерлері Исатай батыр деп атап кеткен сәби 4 тамыз күні өмірге келді.


Нұр-Сұлтанда алып бала дүниеге келді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы №3 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 килограмм сәби дүниеге келді, деп жазады sputnik.kz.

Медицина қызметкерлері Исатай батыр деп атап кеткен сәби 4 тамыз күні өмірге келді. Туған кездегі бойы – 63 см. Ол отбасындағы үшінші бала – кішкентай батырдың әпкесі мен ағасы бар.

30 жастағы әйел жүктіліктің 39 аптасында табиғи түрде босанды, деп хабарлады №3 аурухана.

"Қиын болды, бірақ мен перзентхана дәрігерлеріне дән ризамын. Жанымда бірнеше маман болды, маған қолдау жасап, жағдайды бақылап отырды. Керек десеңіз, жанымда перзентхана және босанғаннан кейінгі бөлім меңгерушілері де тұрды" - дейді нәрестенің анасы.

Ана мен баланың жағдайы жақсы, жақын күндері үйіне шығады.