Нұр-Сұлтанда автобус тепловозбен соқтығысты

0
783

Автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, тексеру жүріп жатыр.


Нұр-Сұлтанда автобус тепловозбен соқтығысты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тепловозбен соқтығысты, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 13 қыркүйекте таңғы уақытта болған, алайда ЖКО видеосы Желіде бүгін жарияланды.

"Пушкин көшесінің бағытында Жетіген көшесінің бойында № 53 бағытта жүретін автобус пен тепловоз соқтығысты. Оқиға орнына келген жергілікті полиция қызметінің мамандары қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды", - деді "Астана LRT" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева.

"Автобуста жолаушылар болмаған. Осы автобустың жүргізушісі соңғы аялдамадан жаңа рейске шығып жатқан", - дейді ол.

Автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, тексеру жүріп жатыр.