Нұр-Сұлтанда автобустар соғысып, салдарынан екі адам көз жұмды (видео)

0
1 951

303-ші бағдардың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.


Нұр-Сұлтанда автобустар соғысып, салдарынан екі адам көз жұмды (видео)

ERNUR.KZ. Желіде үш автобус соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапқан оқиғаның видеосы жарияланды, деп жазады тengrinews.kz.

Жол апатын сыртқы бейнебақылау камералары түсірген.


"Астана ЛРТ" мәліметінше, 26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.