Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

0
682

Елорда мектептерінде бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты қашықтықтан оқыту форматына көшеді.


Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

ERNUR.KZ. 23 қарашада бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді, деп жазады sputnik.kz.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады елорда білім басқармасы.

Айта кетері, Нұр-Сұлтан қаласында дәл қазір қатты жел соғып тұр.