Нұр-Сұлтанда болған жол апаты: Зардап шеккен әйел аяғынан айырылды

0
1 089

Жол-көлік оқиғасынан кейін үш адам реанимацияда жатыр.


Нұр-Сұлтанда болған жол апаты: Зардап шеккен әйел аяғынан айырылды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасынан кейін зардап шеккендері №2 қалалық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайлы ERNUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің жағдайын білуге Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров келді.

"Үшеуі реанимацияда жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Келіп түскен пациенттің оң аяғын ампутациялауға тура келді, ал сол аяғы сынған, бірақ оны аман алып қаламыз деп ойлаймыз. Осындай жағадайда тағы бір әйел бар, оның да екінші аяғын аман алып қалуға тырысып жатырмыз", - дейді № 2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Еске салайық 26 наурыз күні таңертең Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылында үш автобус, жедел жәрдем және жеңіл автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Қала маңындағы №301 маршрут автобусы №12 маршрут автобусымен соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 35-і зардап шеккен, 23-і ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендердің арасында Филиппин азаматшасы да болған.

Ұлы Дала және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орыналған оқыс-оқиға кезінде қаза тапқан екі азаматтың кәмелет жасына толмаған балалары болған.