Нұр-Сұлтанда ер адам көпірден секіріп кетпек болды (видео)

0
896

Көпірдегі адамды жедел басқарманың бейнебақылау операторы байқап қалған.


Нұр-Сұлтанда ер адам көпірден секіріп кетпек болды (видео)

ERNUR.KZ. Ол елордадағы Сарайшық көшесінің бойында орналасқан көпірдің аркасына шығып алған, деп жазады baq.kz.


Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 15.35 шамасында жедел басқарманың бейнебақылау операторы Сарайшық көшесінің бойындағы көпірден ер адамды байқап қалған.

Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі мен автопатруль жіберілді.

Кейіннен белгілі болғандай, ер адам ешқандай зақым алмай, аман-есен жерге түсірілді.