Нұр-Сұлтанда кафе қонағы ботқаға шаш салып, жанжал шығарды

0
2 479

Ол шотты төлемеуі үшін осылай жасаған.


Нұр-Сұлтанда кафе қонағы ботқаға шаш салып, жанжал шығарды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда кафелердің бірінде келуші шот төлемеуі үшін өзі тапсырыс берген тағамға шашын салып жіберген. Әйелдің әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Кадр сыртында клиент мекемеге қызымен келгені айтылады.

"Бәріне сәлем. Мен даяшы болып жұмыс істеймін. Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін балаларды ескерткім келеді. Мұндай да қонақтар бар.
Қазір сіздерге нағыз алаяқтар қалай әрекет ететінін айтамын: Өзіне ботқа тапсырыс берді. Мен оған әкелдім. Енді әйелдің оң қолына қараңыз. Ол алдын ала басынан жұлып алған шашын оң қолымен ботқаға салып, ішіне қасықпен араластырады. Мұны біреу байқамады ма деп жан-жағына қарайды. Содан кейін ыдыстан шашын алып, мені шақырады. Келген соң бірден маған айғайлай бастайды..." - дейді ол.


Видео сипаттамасында әйел даяшы келгенде жанжал шығарып, ыдыс-аяқ сындырғаны жазылған. Соңында ол ақшасын да төлемеген. Оны полиция алып кетті.