Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік өртенді

0
569

Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.


Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік өртенді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда маршруттық автобус өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері зардап шеккендердің жоқ екенін айтты, деп жазады Stan.kz.

"27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшелерінің бойында автобус өртеніп жатқаны туралы хабаркеліп, өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Қызметкерлер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылған.