Нұр-Сұлтанда қолында пышағы бар мас ер адам ұсталды (видео)

0
678

Тәртіп бұзушы мас күйінде жол бойымен жүріп, пышақты қайрап, көліктер қарай жүрген.


Нұр-Сұлтанда қолында пышағы бар мас ер адам ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жол жөнекей өтіп бара жатқан көліктерге бас салған тәртіп бұзушы ұсталды. Анықталғандай, ер адам мас күйде болған, деп жазады kaz.nur.kz.

8 маусымда сағат 3:47-де Абай даңғылы мен Янушкеевич көшесіндегі қолына пышақ ұстаған ер адам ЖБО камераларына түсіп қалған.


"Тәртіп бұзушы мас күйінде жол бойымен жүріп, пышақты қайрап, көліктер қарай жүрген. ЖБО қызметкерлері дереу мекенжай бойынша патруль жіберді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оны бірден құрықтады. Ол Байқоңыр аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Белгілі болғандай, ер адам 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оқиға орнынан пышақ пен қайрайтын құрал тәркіленді", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ДП-нің баспасөз қызметі.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.