Нұр-Сұлтанда көпірден секірген қызды куәгерлер құтқарып қалды

0
510

Оқиға 24 қазанда сағат 14.33-те болған.


Нұр-Сұлтанда көпірден секірген қызды куәгерлер құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 24 қазанда сағат 14.33-те болған. Нұр-Сұлтан ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "Атырау" көпірінен жасөспірім суға секіргені туралы хабар келіп түскеннен кейін оқиға жедел жеткен. Осы уақытта екі куәгер баланың суға секіргенін байқап, артынан секірген.

"Құтқарушылар келген соң екі адам ес-түссіз жатқан жасөспірімді жағаға дейін жеткізуге тырысты, құтқарушылар баланы жедел-құтқару жасағының орталығына алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дереу алып кеткен. Бағымызға қарай, 2006 жылы туған қыз құтқарылды. Оқиға орнына полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды", - деп хабарлады ТЖД.

Қалалық ТЖ департаменті жасөспірімді құтқарған азаматтар туралы мәлімет білетіндерден Департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасына немесе 55-96-60, 8701-514-07-06 телефондарына хабарласуды сұрайды.