Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

0
2 246

​Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.


Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен, деп жазады sputniknews.kz.

"Тамыз" тұрғын үй кешенінің бір кіреберісінің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Оқиғаның видеосы мессенджерлерде тарап кетті.

Астаналық полиция департаменті 16 қаңтар сағат 22.03-те кешенде бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскенін айтты. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ.


"Күдікті ұсталды. Оның мас болғаны анықталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаментте.