Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады – бір адам қайтыс болды

0
626

Әкімдік тапсырмасы бойынша тиісті комиссия құрылмақ.


Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады – бір адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Елордадағы Тұран даңғылы бойындағы үйдің маңында кранның құлауы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті тексеру жүргізетін болады, деп жазады inform.kz

«Тексеру нәтижесінде мұнаралы кранның құлауының себебі мен жағдайы анықталады. Тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылдау үшін материалдар қалалық Полиция департаментіне жолданады», - деп хабарланды елорда әкімдігі баспасөз қызметінен.

Әкімдік тапсырмасы бойынша тиісті комиссия құрылмақ. Оның құрамында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі салалық комитетінің өкілдері мен басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың мамандары енетін болады. Комиссия техникалық талаптарға сай келмейтін мұнаралы крандарды тексереді.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде мұнаралы кранның құлағаны туралы ақпарат тарады. Әзірге, нақтыланбаған ақпарат бойынша оқиға орнында жұмысшы көз жұмған.