Нұр-Сұлтанда мүгедекті мінгізбей кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды

0
1 039

Әлеуметтік желілерде № 51 бағдардың жүргізушісі «Ақмешіт» аялдамасында арбадағы мүгедекке автобусқа кіруге көмектеспей, кетіп қалған бейнежазба жарияланған еді.


Нұр-Сұлтанда мүгедекті мінгізбей кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды

ERNUR.KZ. «Астана ЛРТ» ЖШС өкілдері посттың авторы Жаслан Кереевтен кешірім сұрады, деп хабарлайды SN.kz.

Жүргізуші автопарктің тәртіптік кеңесіне шақырылды. Жүргізушінің айтуынша, ол арбадағы азаматқа пандусты түсірмей-ақ, автобус салонына кіргізуді ұсынды. Алайда мүгедек тұрғын бұл ұсыныстан бас тартты.

Кеңес барысында жүргізуші жолаушының бас тартуы орынды болғанымен келісті, өйткені әрбір азаматтың қоғамдық көлікке тең қолжетімділікке құқығы бар. Жүргізуші нұсқауға сәйкес әрекет етуі тиіс еді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жолаушыға пандусты түсіріп, баратын аялдамасына жеткізіп, автобустан түсуіне (пандусты түсіре отырып) көмек көрсетуге міндетті.

Кеңес барысында жүргізуші өз кінәсін мойындады және тәртіптік кеңестің шешімі бойынша ол жұмыстан шығарылды.

«Астана ЛРТ» ЖШС және автопарк басшылары жарияланымның авторынан тағы да кешірім сұрайды.