Нұр-Сұлтанда өлі табылған Сымбат Құлжағарованың әкесі видеоүндеу жасады

0
1 430

Марқұмның әкесі қызында психикалық ауру болмағанын айтады.


Нұр-Сұлтанда өлі табылған Сымбат Құлжағарованың әкесі видеоүндеу жасады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда биіктен құлап кетіп мерт болған Сымбат Құлжағарованың әкесі видеоүндеу жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Марқұмның әкесі қызында психикалық ауру болмағанын айтады.

"Халықтың аянышын тудырған, ызаландырған қызым Сымбаттың басына түске қайғы мәңгілік сапарға ұласты. Мен қызымның есінің дұрыстығына еш күмән келтірмеймін. Себебі 2020 жылдың 21 қазанында шыққан дәрігерлік комиссияның қорытындысына қоса өзімнің де көзім жетті.
Осыған орай сіздерден қазіргі таңда тергеліп жатқан қылмыстық істің толық, жан-жақты, әділ және объектив зерттелуін қамтамасыз етуді сұраймын", - деді марқұмның әкесі.




Сымбат Құлжағарова 10 желтоқсанға қараған түні биіктен құлап мерт болған еді. Тексеру барысында оның хат қалдырғаны анықталды. Онда Сымбат өз өліміне ешкімді кінәламайтынын жазған. Алайда оның туыстары Сымбаттың суицид жасағанына сенбейді. Олар істің мән-жайын тексеруді талап етіп отыр.

Сымбат бұған дейін әлеуметтік желіде күйеуі оны жиі соққыға жығатынын айтып халықтан көмек сұраған екен. Ол психикалық ауруға шалдыққан науқас ретінде ауруханаға жатқызылған. Алайда оның достары мен туыстары Сымбаттың сау болғанын айтады.